Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: үйінді астынан екі адамның денесі шығарылды

0
267

Оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның үшеуі - балалар.


Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: үйінді астынан екі адамның денесі шығарылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Ботақара кентінде құтқарушылар тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан құлаған үй қирандыларының астынан екі адамның денесін алып шықты. Оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның үшеуі - балалар, деп жазады inform.kz.

Айта кетейік, 2024 жылғы 30 қаңтарда сағат 00:07–де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан № 10 пәтерде жарылыс болды.

Одан кейін пәтердің шатыры, оның қабырғалары мен жабындылары толық опырылып түсті. Сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан жалпы ауданы 300 шаршы метр № 7 пәтерге де қатты зақым тиді, оның қабырғалары да құлаған.

Үй 2014 жылы салынған. Оның жалпы ауданы 510 шаршы метр.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жарым-жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрады, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.


«Сағат 00:11–ден 03:37–ге дейінгі аралықта құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан қаза болған екі адамның денесі шығарылды. Жарақат алған бес адам Бұқар жырау аудандық Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 нөмр бойыша сенім телефонын жұмыс істей бастады. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді» – деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылған.