Қарағанды тұрғыны байқамай өзге адамның көлігін мініп кеткен

0
431

Екі көлік тек мемлекеттік тіркеу нөмірімен ғана өзгешеленген.


Қарағанды тұрғыны байқамай өзге адамның көлігін мініп кеткен

ERNUR.KZ. Көлігін шатастырған Қарағанды тұрғыны өзге адамның көлігін өз кілтімен оталдырып, мініп кеткен. Екі көлік тек мемлекеттік тіркеу нөмірімен ғана өзгешеленген, деп жазады Stan.kz.

10 қазанда Орталық полиция бөліміне Қарағанды қаласының 35 жастағы тұрғыны хабарласып, көлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін хабарлаған. Келтірлген залал соммасы 1 миллион теңгеге бағаланған. Полицияда Қылмыстық кодекстің 200 бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарынан кейін 27 жастағы ер адамды ұстаған. Көлік жүргізушісі өзін қандай себеппен тұтқындағынын білгенде, көліктің иесі өзі екенін айтып, таңқалған. Дәлел ретінде көліктің техникалық құжатын көрсеткен. Нәтижесінде ер адам өз көлігімен шатастырып, бейтаныс адамның көлігіне мініп кеткені белгілі болды. Көпқабатты үйдің ауласында тұрақта тұрған қос көліктің маркасы мен түсі де бірдей болған. Тіпті оталдыруға арналған кілт те сәйкес келген. Айырмашалық мемлекеттік тіркеу нөмірінде ғана болған.

Тергеу нәтижесінде ер адамның көлікті абайсызда ұрлағаны белгілі болды. Қылмыстық іс тоқтатылған.