Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді

0
576

Бұл туралы қала әкімі Мейрам Қожықов мәлімдеді.


Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді

ERNUR.KZ. Қарағандыда 1 мамырдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер автобуспен тегін жүреді, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы қала әкімі Мейрам Қожықов мәлімдеді.

"Облыс әкімінің тапсырмасын орындадық – ертеңнен бастап 18 жасқа дейінгі балаларымыз қоғамдық көлікте тегін жүреді. Барлық дайындық жұмыстары аяқталып, заң жағынан қол қойылды және келісілді, автопарктермен тиісті нұсқама жүргізілді", - деп жазды Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қала әкімінің айтуынша, балалар көлік картасын әрдайым өзімен бірге ұстап, автобустарда міндетті түрде валидаторға басқаны жөн.