Қарағандыда 24 жастағы күзетші жігіт асылып қалды

0
425

Жігіт қаладағы кәсіпорындардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген.


Қарағандыда 24 жастағы күзетші жігіт асылып қалды

ERNUR.KZ. Қарағандыда 24 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адам асфиксиядан қайтыс болған деген қорытынды жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Қарағанды қаласының Пришахтинск шағынауданында болған.

Жігіт қаладағы кәсіпорындардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген.

Таныстарының айтуынша, ол жалақысы аз болғандықтан несиесін жаба алмай жүргенін айтып шағымданған.

Жігітті туыстары есік тұтқасына байланған жіпке асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақырған.

Алайда, оқиға орнына келген дәрігерлер жігіт қайтыс болды деп мәлімдеді.

«Бригада қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан кейін келді. Өлімнің себебі - суицид», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Бұл факт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.