Қарағандыда ағашта ілініп тұрған ер адамның денесі табылды

0
1 628

Ілініп тұрған адам туралы кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар хабарлаған.


Қарағандыда ағашта ілініп тұрған ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Қарағандыда тұрғындар ағашқа ілулі тұрған ер адамның денесін тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД дерегі бойынша, 11 шілдеде 09.00-де Қарағанды ІІБ Октябрь ПБ кезекшілік бөліміне теміржол бөлігінде орталық тораптың маңында ағашта ер адамның денесі ілініп тұрғаны туралы хабар түскен. Ілініп тұрған адам туралы кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар хабарлаған.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелді. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді өңірлік ІІД-де.