Қарағандыда анасы екі айлық сәбиін далаға тастап кеткен

0
2 292

Нәресте балалар үйіне ауыстырылды.


Қарағандыда анасы екі айлық сәбиін далаға тастап кеткен

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Майқұдықтағы көп қабатты үйінің кіреберістерінің бірінен табылған екі айлық сәби "Шапағат"сәбилер үйіне ауыстырылды. Оның биологиялық анасын іздеу жалғасуда, деп жазады Stan.kz.

"Бала" Шапағат " мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылды. Полиция биологиялық анасын іздеуде. Біз нәтижесін күтіп отырмыз. Іздеу шаралары аяқталғаннан кейін сотқа жүгінеміз. Егер ол табылмаса, сот арқылы нәрестенің туу фактісін анықтауға мәжбүр боламыз. Осыдан кейін ғана оған есім бере аламыз", - деді Қарағанды білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының меңгерушісі Әсем Ерішева.

Алайда, баланың анасы табылған күннің өзінде, оған нәрестені бермейді. Ол сәбиін тек сот арқылы қайтара алады.

Еске салсақ, Қарағанды полиция қызметкерлері 3 наурыз түнде Майқұдықтағы үйлердің бірінің кіреберісінен екі айлық қызды тапты.

Кейін куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр.