Қарағандыда дауыл кезінде ойын алаңындағы жабын балалармен бірге ұшып кеткен (видео)

0
708

Оқиға Голубые пруды шағынауданында болған.


Қарағандыда дауыл кезінде ойын алаңындағы жабын балалармен бірге ұшып кеткен (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандыда ойын алаңқайының жабыны жел кезінде балалармен бірге ұшып кетті. Салдарынан жарақат алғандар бар, деп жазады stan.kz.

Оқиға Голубые пруды шағынауданында болған. Үш бала ойын алаңқайында жүгіріп жүргенде жел соғып, жабын балалармен бірге ұшып кеткен. Салдарынан бүлдіршіндердің бірі бірнеше метр жердегі үйдің жанына түскен.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына бір баланы жеткізіпті.

"Жағдайы қанағаттанарлық, бала есіп біледі, қорқып қалған. Қабылдау бөлімінде тексерістен өтіп жатыр", – делінген хабарламада.