Қарағандыда Дейнерис есімді қыз бала дүниеге келді

0
1 937

Қарағандыда ерлі-зайыпты жаңа туған қызына Дейнерис есімін берген.


Қарағандыда Дейнерис есімді қыз бала дүниеге келді

ERNUR.KZ. Қарағандылық отбасы дүниеге келген қызының есімін "Тақтар ойыны" сериалының кейіпкері құрметіне қойған, деп жазады tengrinews.kz.

Instagram желісінде жаңа туған қыздың медициналық картасының көшірмесінің суреті жарияланды. Онда нәрестеге Дейнерис деген есім берілгені көрінеді.


Кішкентай Дейнерис 26 сәуірде дүниеге келген. Ата-анасы перзентіне мұндай ерекше есім қоюды бірнеше жыл бұрын ойға алыпты.

«Күйеуім «Тақтар ойыны» телехикаясын көре бастады. Алайда телехикая маған ұнамайтын. Тек сол есімді естіп, бірден ұнатып қалдым. Артынша мен де сол телехикаяны көре бастадым», - дейді нәрестенің анасы Римма.

Римманың күйеуі қызына мұндай есім беруді қолдаған. Алайда туыстары қарсы болған.

«Олардың бәрі қарсы болды. Анам қызыма мұндай есім берсем, перзентханаға келмейтінін айтты. Ол дәстүрлі есімдерді жақтайды. Алайда ол – менің перзентім, құрсағымда көтергендіктен, өзім қалағанымды істей аламын. Қазір бәрі көнді. Бастысы қызымыздың денсаулығы екенін түсінді», - дейді Дейнеристің анасы.