Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі тұрмыс құрғаны үшін көпірден секірмек болды (видео)

0
388

Полицияның мәліметінше, оқиға 25 маусым күні сағат 21.30 шамасында Бұқар жырау даңғылындағы көпірде болған.


Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелі тұрмыс құрғаны үшін көпірден секірмек болды (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандыда көпірден секірмек болған ер адамды жанында өтіп бара жатқандар құтқарды, жазады Stan.kz

Полицияның мәліметінше, оқиға 25 маусым күні сағат 21.30 шамасында Бұқар жырау даңғылындағы көпірде болған. Өтіп бара жатқан адамдар 29 жастағы ер адамның көпірден секірмек болған жерінен құтқарып қалған. Кейін оны тәртіп сақшыларына тапсырған.

"Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мұндай қадамға ол ішімдік ішіп алып, бұрынғы әйелінің тұрмысқа шыққанын естігеннен кейін барған", - деді полиция қызметкерлері.