Қарағандыда қамауға алынған азамат өз-өзіне қол жұмсады

0
768

15 қыркүйек күні полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында азаматтың мәйіті табылды.


Қарағандыда қамауға алынған азамат өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Қарағандыда уақытша ұстау изоляторында қамауда болған азаматтың суицид жасауына қатысты тергеу жүргізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

15 қыркүйек күні Абай ауданы полиция басқармасының Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында азаматтың мәйіті табылды. Ол ҚР ҚК 106-бабы 3 бөлімі бойынша «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деген күдікпен ұсталған болатын.

«Оқиғаның болғанын растаймыз. Тергеу амалдары басталды», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған фактіге қатысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде.