Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

0
309

Қайғылы оқиға 24 наурызда болған.


Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 24 наурызда болған.

«Сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды», - делінген хабарламада.

Жергілікті жерде өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды.

Өрттің алдын ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

«ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды», - делінген хабарламада.