Қарағандыда машина жасау зауытының шатыры өртенді

0
451

Зардап шеккендер жоқ.


Қарағандыда машина жасау зауытының шатыры өртенді

Қарағанды қаласында А. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 07:52-де өрт сөндірушілер 400 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізді.

Өрт сағат 08:22-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.