​Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен

0
448

Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады.


​Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен

Полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Ол арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты.
Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда.