​Қарағандыда полицейлер 17 жастағы есірткі қоюшы қызды ұстады

0
400

17 жастағы бойжеткен бұл "жұмысты" әлеуметтік желі арқылы тапқанын айтты.


​Қарағандыда полицейлер 17 жастағы есірткі қоюшы қызды ұстады

ERNUR.KZ. Кәмелетке толмаған есірткі қоюшыны полицейлер 16 қазан күні Қарағанды көшелерінің бірінде ұстады. Бойжеткеннен ерекше иісті жасыл өсімдік салынған 20 қапшық тәркіленді, деп жазады zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сараптама нәтижесі қапшықтардағы зат салмағы 35,09 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті.

17 жастағы бойжеткен бұл "жұмысты" әлеуметтік желі арқылы тапқанын айтты. Қызмет ақысы оның биткоин әмиянына аударылған.

Ол қапшықтарды жасырын жерлерге тығып кетуі керек болған.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

26 қазанда Ақмола облысына оңтүстіктен ірі көлемде есірткі тасымалдап келген ер адам ұсталды. Күдікті отырған Chevrolet Cobalt автокөлігін тінту кезінде полицейлер салон ішінен, орындықтардың астынан екі полиэтилен орамасын тапты. Полицейлер тәркілеген марихуананың жалпы салмағы 1,5 келіден асады.