Қарағандыда ЖШС директорына оқ атылды

0
850

ЖШС-тің 30 жастағы директоры мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындаған.


Қарағандыда ЖШС директорына оқ атылды

ERNUR.KZ. Қарағандыда ер адам тапаншадан ЖШС директорына оқ атқан, деп жазады Zakon.kz.

27 қазанда сауда кәсіпорындарының бірінде қақтығыс барысында қару қолданылды.

Оқиға орнына келген полицейлер кәсіпорында ЖШС-тің 30 жастағы директоры мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал барысында қылмыскер басшысына "Оса" травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жәбірленуші оқ жарақатымен ауруханаға жатқызудан бас тартып, медициналық мекемеге жүгінді.
Қылмыстың "ізін суытпай" 29 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді, - делінген ақпаратта.

ҚР ҚК 287-бабы "Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.