​Қарағандыдағы «Жолда қабылдау» акциясы: 800-ге жуық өтініш түсті

0
1 077

Мобильді пункттерге тұрғындар тек кеңес алу үшін ғана емес, сонымен қатар ұсыныстары және өтініштермен де жүгінген.


​Қарағандыдағы «Жолда қабылдау» акциясы: 800-ге жуық өтініш түсті

ERNUR.KZ. Қылмыскерді жазаду, көшелерде бағдаршам орнату, тасқыны қаупін жою осы және басқа да көптеген мәселелер «Жолда қабылдау» акциясы барысында шешімін тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының халық көп шоғырланатын жерлерінде арнайы жабдықталған автобустарда әкімшілік полиция, жергілікті және миграциялық қызметтердің басшылары азаматтарды қабылдады.

Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында 16 мобильді қабылдау пунктері қызмет етті. Ол жерлерде келушілер сондай-ақ тіркеу-емтихан бөлімшелерінің, жол-техникалық қадағалау және әкімшілік тәжірибе бастықтарына сұрақ қоя алды.

Акция барысында екі күн ішінде облыста орналасқан барлық пункттер бойынша азаматтардан 794 өтініші келіп түсті.

«Көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер, көліктік құралдарды тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, айыппұлдарды төлеу және басқа да мәселелер өзекті болды. Облыс тұрғындары өз сұрақтарына жауап алып, тиісті мамандармен кеңес алды. Қазір республикада ІІМ реформасы жүріп жатыр. Осы тұрғыда біз азаматтар келіп, өз сұрақтарына жауап алу үшін майдан-кеңселер құрғымыз келеді. Бұл негізгі бағыттардың бірі. Осы акция аяқталғаннан кейін біз барлық өтініштер мен олардың сипатын талдаймыз. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Мобильді пункттерге тұрғындар тек кеңес алу үшін ғана емес, сонымен қатар ұсыныстары және өтініштермен де жүгінген. Қала тұрғыны ПД басшылығынан Волгодонская көшесінде бағдаршам орнатуды сұрады. Азаматтың өтінішінен соң, жол полициясы қызметкерлері осы аумақты тексеріп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың қарауына хат толтырылып, жіберілді.

Акция барысында тұрғындар полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері, әкімшілік айыппұлдар туралы сұрақтар қойып, полицияның қызметтері туралы ақпарат ала алды. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін мобильдік пункттерде құжаттарды ресімдеу, айыппұлдар және облыс тұрғындары қойған өзекті мәселелер бойынша алдын ала жадынамалар дайындалды.

«Мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылуы керек. Мысалы, менің үш балам бар, менің арнайы мекемелерге барып, өз шағымымды білдіруге уақытым келмей жатады. Енді міне жай ғана өтіп бара жатып, осында келдім. Мені балаларымды машинамен тасымалдау ережесіне қатысты мәселелер қызықтырған болатын. Осы жерден қанағаттанарлық жауап алдым», - дейді қала тұрғыны Карина Богданова.

Қарағанды облысының ПД басшылығының айтуынша, барлық сұрақтар мен өтініштер тіркеліп, алдағы уақытта олардың әрқайсысы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Полиция басшылығы барлық мәселелер бақылауда болатынын айтты.