Қарағандылық блогер ​​кәсіпорыннан құрал-жабдық ұрлады деген күдікке ілінді

0
439

12 наурызда Қарағандыда қаладағы өнеркәсіп орындарының бірінде құрал-жабдық ұрланған.


Қарағандылық блогер ​​кәсіпорыннан құрал-жабдық ұрлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Полицейлер Қарағандының 33 жастағы тұрғынын жергілікті кәсіпорынның төрт электр қозғалтқышын ұрлады деп күдіктеніп отыр, деп жазады stan.kz.

Басылым мәліметінше, 12 наурызда Қарағандыда қаладағы өнеркәсіп орындарының бірінде құрал-жабдық ұрланған. Қарақшылар кәсіпорынның қоймасының құлыбын бұзып, төрт электр қозғалтқышы мен клапанның беріліс қорабын ұрлап кеткен. Одан кейін "ГАЗель" көлігімен қылмыс орнынан кетіп қалған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Қарағандыдағы жеке үйдің ауласында тұрған "ГАЗель" көлігін көріп, тінту жүргізбек болған. 33 жастағы үй иесі өзін блогер ретінде таныстырып, ішкі істер органдары өкілдерінің іс-әрекетіне кедергі келтірді. Полицейлер "ГАЗель" автокөлігін алып, оны полицияға заттай дәлел ретінде жеткізу үшін эвакуаторды шақырды", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Тасымалдау кезінде белгісіз біреулер дәлелдемелерді алып тастауға кедергі келтірмек болып, эвакуатордың дөңгелектерін тесіп кеткен. Полиция қылмыскерлерді анықтауға тырысып жатқанын айтты. Сонымен қатар қалған заттай айғақтар тәркіленді.