Қарақшылар қаңғыбас жануарлардың азығын тонап кетті

0
1 591

​Өткен түні Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы «Белый Бим» қаңғыбас жануарлар паналау үйіне қарақшылар түскен.


Қарақшылар қаңғыбас жануарлардың азығын тонап кетті

Өткен түні Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы «Белый Бим» қаңғыбас жануарлар паналау үйіне қарақшылар түскен.

Белгісіз бес азамат күзетшіні ұйықтатып, алуға болатын барлық нәрселерді өздерімен алып кеткен. Құрылыс заттары, тіпті, жануарлардың азық-түлігіне дейін тоналған. Полиция қызметкерлері арызды қабылдағанымен жануар жанашырлары нәтиже шығатынына күмән келтіріп отыр. Себебі дәл осындай жағдай бұл паналау орталығында бір жыл бұрын да орын алған. Күдікті бар бола тұра, істі полицейлер жауып тастаған. Ай сайын паналау орталығындағы жануарларға керекті қорекке еріктілер мен қарапайым халықтың қолдауымен азық-түлік жиналатын. Осы сынды тонаулар бұл орталықтың ары қарай қызметін жалғастыруға кедергі келтіреді. Тағы бір мәселе бұл орталықта электр қуаты жоқ, сол себептен бұл жерге бейне бақылау камералары орнату мүмкін болмай отыр. Қазіргі таңда орталықта 100 ден аса ит бар.

Дереккөз: zakon.kz