Карантин аяқталды: Қазақстандықтар транзиттік рейспен қайда ұша алады

0
943

Рейске шек қойылмайды, бірақ Қазақстанға екінші санаттағы елдерден келетін жолаушылар ПТР сынақтан өту қажет.


Карантин аяқталды: Қазақстандықтар транзиттік рейспен қайда ұша алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар транзиттік рейстермен қайда ұшуға болатыны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Көлік бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов, кез келген елге ұшар алдында мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға мән беруді сұрады.


"Мәселен, қазақстандық Малайзияға Түркия арқылы транзиттік рейспен ұшқысы келеді. Әрине бұлай жасауға болады. Бірақ сіз COVID-19 жағдайын бақылауыңыз керек. Әр елде шектеулі шаралар күн сайын өзгеріп отырады, инфекцияның төмендеуі немесе көбеюі байқалады. Кіретін жолаушыларды шектейтін шаралар туралы ақпаратта өзгереді. Түркияның өз талаптары болуы мүмкін деген секілді", - деп түсіндірді Байғабылов.


"Мысалы, біз рейске шек қоймаймыз, бірақ Қазақстанға екінші санаттағы елдерден келетін жолаушылар үшін біз ПТР сынақтан өткізуді қажет етеміз. Түркия әуе жолаушыларына безгегі бар коронавирусты тексеруде. Дубайға кіру ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады, ол елге келерден 96 сағат бұрын жүзеге асырылуы керек", - деді көлік дәрігері.


Байғабылов Қазақстанның Қытай, Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланды, Ресей, Польша, Өзбекстан, Тәжікстанмен шекараларын ашқанын еске салды.

Бұл елдерге тұрақты рейстерге рұқсаттар берілгені белгілі болған. Рейстерді қалпына келтіру ұлттық және халықаралық әуе тасымалдаушыларына байланысты.


"Мәселен, тізімде Италия мен Испания жоқ, сәйкесінше, қазақстандықтар ол мемлекеттерге транзиттік жолаушы ретінде бара алмайды", - деді Сәдуақас Байғабылов.


Естеріңізге сала кетейік, халықаралық жолаушылар рейстеріне келетін жолаушыларға үш категория бойынша шектеуші шаралар белгіленді.