Қаратауда жеті жасар баланы ит талады

0
475

Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.


Қаратауда жеті жасар баланы ит талады

ERNUR.KZ. Қаратау қаласында 7 жасар баланың беті мен аяғын ит қауып алды. Балаға шұғыл ота жасалды, деп жазады zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілді, тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.
Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
"Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр".Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Бұған қоса құтырмаға қарсы екпе жасалып, антибиотиктер тағайындалған.