Қаржы министрлігі желіде тараған Ерұлан Жамаубаевтың сұхбатын фейк деп атады

0
844

Бұл криптовалюта сататын боттың жарнамасы болып шықты.


Қаржы министрлігі желіде тараған Ерұлан Жамаубаевтың сұхбатын фейк деп атады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полиция қамауға алып жатқан сурет тарады. Суреттің астында "Қазақстан Банкі" министрді сотқа бергені туралы мақалаға сілтеме берілген. Бұл жалған ақпарат, деп жазады inbusiness.kz.

"Желіде қоғамдық тәртіпті бұзушыларға жағдай жасауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған шындыққа жанаспайтын, көрінеу жалған ақпарат тарады. Мұндай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ақпарат криптовалюта сататын боттың жарнамасы болып шықты. Министрлік мұның фейк екенін хабарлады.