Кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды

0
650

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.


Кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Жуырда ғана бостандыққа шыққан кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды, деп жазады Stan.kz.



Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

"Аталмыш факті бойынша "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Qazaq Banki-дің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим Bank RBK қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылдың ақпан айында Ибрагимнің тергеу изоляторында болған уақыты ескеріліп, жазасын толық өтеген соң түрмеден босатылғаны белгілі болды.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Бақыт Ибрагим Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы.