Кәсіпкерге жұмыс істетпеген Приозерск полициясының басшысы қызметінен қуылды

0
504

Құзырлы орган өкілі Жаңа жыл қарсаңында кәсіпкерге телефон шалып, мерекеде жұмыс істеуге тыйым салу туралы ескерткен. Әңгіменің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кеткен.


Кәсіпкерге жұмыс істетпеген Приозерск полициясының басшысы қызметінен қуылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Приозерск прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісін бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексеруімен қорқытқанын анықтады, деп жазады inform.kz.

Құзырлы орган өкілі Жаңа жыл қарсаңында кәсіпкерге телефон шалып, мерекеде жұмыс істеуге тыйым салу туралы ескерткен. Әңгіменің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

«Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі тіркелді. Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.
Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды», — делінген бақылаушы органның мәліметінде.

Сонымен қатар, аталған полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.