Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өткен жекпе-жегінде екі титулды жеңіп алды

0
433

Ол жапониялық Акихиро Кондомен (37-12-2, 21 КО) жұдырықтасып, екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.


Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өткен жекпе-жегінде екі титулды жеңіп алды

ERNUR.KZ. Алматыда 33 жастағы қазақстандық Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) қос титул үшін жекпе-жек өткізді, деп жазады stan.kz.

Ол жапониялық Акихиро Кондомен (37-12-2, 21 КО) жұдырықтасып, екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.

Жанқош 12 раундтан кейін 118:110, 120:108, 118:110 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сенімді қорғап қалды, сонымен қатар бос тұрған WBA Gold титулын жеңіп алды.