Kaspi банкте ойран салған басқыншы 2 айға қамалды

0
1 176

18 маусымда Оқиға «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына ер адам басып кіріп, мекеме ішіндегі 7 адамды кепілге алды.


Kaspi банкте ойран салған басқыншы 2 айға қамалды

ERNUR.KZ. Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесін басып алған күдікті 2 айға қамауға алынды, деп жазады ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мұрадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, 18 маусымда Оқиға «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына ер адам басып кіріп, мекеме ішіндегі 7 адамды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Полицияның ер адаммен келіссөз жүргізу әрекеті нәтиже бермеген соң арнайы жасақ іске кірісті. Басқыншы ұсталып, Kaspi Bank-те кепілге алынғандар босатылды.

Бұдан бұрын ІІМ басшысы басқыншының қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі айтып берген еді.