Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барды

0
740

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзірбайжанға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасы мәлімдеді.

Баку әуежайында Қазақстан президентін Әзірбайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.
"Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады", - делінген ресми хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.