Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

0
712

Өткен жылдың қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады. Ол партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті.