Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдiктерге сатылмайды

0
928

Мемлекет басшысы жердi тиiмдi пайдалану мəселесiне де ерекше тоқталып ɵттi.


Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдiктерге сатылмайды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жерiмiз шетелдiктерге сатылмайтынын айтып, жұрт арасында туындаған дүрбелеңге нүкте қойды, деп жазады Елорда Инфо.

«Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мəселесiне ерекше тоқталып ɵткiм келедi. Мемлекет басшысы ретiнде тағы да мəлiмдеймiн, жерiмiз шетелдiктерге сатылмайды, оған жол берiлмейдi. Бұл мəселеге қатысты қауесеттi тоқтату қажет», - дедi Президент.

Дегенмен Мемлекет басшысы жердi тиiмдi пайдалану мəселесiне де ерекше тоқталып ɵттi.

«Жердi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету - бiздiң мiндетiмiз. Оны тиiмдi игеру мəселесi уақыт ɵткен сайын ɵзектi болып барады. Жағдай сол жерге салынатын салықтың тɵмендеуiнен туындап отыр. Мемлекеттен ақысыз жер жалдау құқығына ие болғандар тиiмдi жұмыс iстемей отыр», - деп тоқталды Тоқаев.