Қайырбек Өскенбаев баспана бағасына қатысты ең қорқынышты құпияны ашты

0
1 543

​ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысы баспана құнына әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қайырбек Өскенбаев баспана бағасына қатысты ең қорқынышты құпияны ашты

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысы баспана құнына әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мен ең қорқыныштысын айтайын – құрылыс бағасы тұрғын үй құнына әсер етпейді. Бізде бағаны сұраныс тудырады. Мемлекеттің міндеті – баспана нарығының барлық қатысушыларына теңдей инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Айқындық пен әділдік болған жерде баға да төмендейді", - деді вице-министр "Құрылыс саласын сандық трансформациялау» халықаралық конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Аталған конференцияда Қазақстан, Ресей және Беларусьтің салалық министрліктері құрылыс саласын ақпараттық модельдеу бағытында өзара тәжірибе алмасты.