Қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің есімдері аталды

0
960

Алматыдағы қақтығыс кезінде қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің есімдері айтылды.


Қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің есімдері аталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза тапқан қызметкерлердің тізімін жариялады, деп жазады Экспресс К.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы оқиғалар салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады",— делінген комитеттің хабарламасында.

Қаза тапқан қызметкерлердің тізімі:

1. ҰҚК Шекара академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдинов;

2. Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Дастан Әділбай;

3. ҚР ҰҚК Шекара академиясының аға офицері Жандос Жағалбаев;

4. ӘҚББ кіші жедел уәкілі Әділ Нүркенов;

5. ҰҚК шекара академиясының курсанты Жайық Әділқан;

6. ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітім;

7. ҰҚК Шекара академиясының курсанты Дәулет Жұпарбеков.