Қазақ азаматы әйелін порноға түсті деп айыптады (видео)

0
6 076

Түнде жанына жуымайтын әйелінен күдіктене бастаған азамат жұбайының сөмкесіне жазғыш таспа салып қойған.


Қазақ азаматы әйелін порноға түсті деп айыптады (видео)

ERNUR.KZ. Тимур Апбазов есімді ер адам әйелін кездейсоқ порно сайттардың бірінен көріп қалғанын айтып, келіншегінен болған істі мойындауын сұраған. Ал әйелі болса, «маған сене алмаған адаммен бір минут та тұра алмаймын» деп шу шығарады. «КТК» арнасынан шығатын «Астарлы ақиқат» бағдарламасы әлгі видеоға сараптама жасап, студияда экспертке сөз берді, деп жазады sn.kz.

Тимурдың айтуынша, ол бірінші әйелін де өзге ер адаммен ұстап алған. Осыдан кейін бірінші әйелі екі ұлын күйеуіне тастап, кетіп қалған. Ал қазіргі сәтте қарағандылық азамат екінші әйелін де көзіне шөп салды деп күдіктенуде.

"2009 жылы мен келіншегіммен таныстым. Бұл екінші әйелім. Бірінші әйелімнен екі ұлым бар. Біз танысу барысында өз өмірбаянымызды айтып бердік. Ол үйде бес қыз екенін, анасыз өскенін жеткізді. 2010 жылы бірінші қызым, 2013 жылы екінші қызым өмірге келді. Әйеліммен кезекті ұрыстан соң, алтыншы күні үйге келдім. Түс уақытында үйге келсем, ол ішімдік ішіп алған, мас. Ол маған "Істейм дедім ба. Істедім" деп айтты. Содан кейін менде күдік басталды", - дейді ер адам.

Тимурдың айтуынша, осыдан кейін келіншегі әйелдік міндетін міндетін атқаруды да қойған. Түнде жанына жуымайтын әйелінен күдіктене бастаған азамат жұбайының сөмкесіне жазғыш таспа салып қояды.

Ал Тимур Аппазовтың жұбайы Уазира Жұмай өзінің адал екенін, порносайттағы келіншектің өзі емес екенін айтты.

"Мен видеоны көре алмаймын. Өйткені намаз оқимын. Бірақ суретті көрдім. Ұқсап кететін жерлері бар. Пышақпен қорқытасың ба, пышақпен атасың ба, бірақ мен істемеген нәрсемді мойындамаймын. 10 жыл бірге тұрдық. Үйіміздің жөндеу жұмыстары бітті. Көлік алдық. Осылай мәз болып отырғанда, қайдағы сайттан сурет тауып алып, өміріміздің быт-шытын шығарды. Бұрын да қызғанатын. Кетіп қалған, қайтып келген күніміз де болды. Бірақ осы жолы шектен шықты", - дейді Уазира Жұмай.

Айта кетейік, еліміздегі сурет сараптамасының жалғыз өкілі Елена Ермакова суреттегі әйелдің басқа жан екенін жеткізді. Бұл суреттердің тек сәйкестік екені зерттеу арқылы дәлелденген.

Осы зерттеу шешімінен соң қарағандылық Тимур Аппазов қатесін түсініп, ел алдында әйелінен кешірім сұрады. Алайда Уазира Жұмай күйеуінің кешірімін қабыл алмады.