Қазақ поэзиясы мен прозасының араб тіліндегі антологиясы жарық көреді

0
115
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясын араб тіліне аударып, барлық кітапханаларға сыйлады

Қазақ поэзиясы мен прозасының араб тіліндегі антологиясы жарық көреді

ERNUR.KZ. 2019 жылы Мысырда Қазақ поэзиясы мен прозасының араб тіліндегі антологиясы жарық көреді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Қазақстаның Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев айтты, деп жзады ҚазАқпарат.

«Жергілікті халық арасында Қазақстанға қызығушылықтың туындауына үлкен септігін тигізіп отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ерекше атап өту қажет. Осы жылы аталған жоба аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырдық. Атап айтқанда, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясын араб тіліне аударып, барлық кітапханаларға сыйладық. 2019 жылы Елшіліктің демеуімен Қазақ поэзиясы мен прозасының араб тіліндегі антологиясын басып шығарамыз және оның барлық араб елдеріне таралуына ықпал жасаймыз», - деді Елші.

Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың сәуірінде Александрия және Каир қалаларында әлемге әйгілі музыкант Айман Мұсақожаеваның басшылығымен «Қазақ» елі классикалық концерті өткенін айтты. Мұнан бөлек, қазақ музыканттарының концерттері Мысырдың опера үйлері мен театрларында ұйымдастырылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген мақалалар жарияланып, деректі фильмдер, сұхбаттар ұйымдастырылған. «Қазіргі кезде «Қазақ хандығы» телехикаясы араб тіліне аударылып, Мысыр телеарналарында көрсетілетін болады. Жалпы алғанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің елімізге деген қызығушылықты одан ары арттыра түсті. Елімізге туристер мен инвесторлардың ағылуына септігін тигізіп жатыр», - деді Арман Исағалиев.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет