"Қазақавтожол" бұрынғы бас директоры сотталды

0
1 151

Астананың Алматы аудандық №2 сотында "Қазақавтожол"бұрынғы бас директоры Серікжан Мұқашевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астананың Алматы аудандық №2 сотында "Қазақавтожол"бұрынғы бас директоры Серікжан Мұқашевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот оны пара бергені үшін айыпты деп таныды. "Мұқашев Серікжан Шайзадаұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігі, 1,2-тармақтары бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын", - деп оқыды үкімді судья Убайдулла Қошанов. Бірақ сотталушы Серікжан Мұқашев сот үкімімен келіспейтінін, сондықтан шағымданатынын айтты. "Соттың шешіміне шағымданамын. Әділетсіз шешім деп ойлаймын", -деді Серікжан Мұқашев журналистерге үкім шыққан соң. Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері мемлекеттік аудиторларды ұстаған болатын. Тергеу мәліметінше, лауазымды тұлғалар "ҚазАвтоЖол" бұрынғы бас директоры Серікжан Мұқашевтан және оның орынбасары Шәмішевтен пара алып отырған. Астана қалалық Алматы аудандық №2 сотының шешімімен Есеп комитетінің республикалық бюджетті орындауға бақылау жөніндегі мемлекеттік аудиторы А.Жәңгірбаева, "Қазақавтожол" бас директоры С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмішев, бөлім басшысы К.Әжіғұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген еді хабарламада. Ал 15 наурызда прокурор соттан Мұқашев пен осы істегі төрт фигурантты айыпты деп тануды сұраған еді.