"Қазақфильм" 12 көлікті сатты - Есеп комитеті

0
577

​2019 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жекелеген бюджет бағдарламаларының орындалуына және Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдарының активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізген.


Тексерістен соң Шакен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ 12 көлікті сатып жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудит барысында "Қазақфильм" АҚ активтерді тиімді басқара алмайтыны анықталған. Сондықтан компанияға көліктерді пайдалану немесе сату жөнінде тапсырма берілген.

"Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін "Қазақфильм" АҚ мемлекеттік мүлік веб-порталында www.gosreestr.kz 12 көлікті аукцион арқылы сатты", – деп жазылған хабарламада.