«Kazakh Tourism» басшысы қызметінен босатылды

0
917

Рашид Талапұлы Күзембаев 2017 жылдың қазан айында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған.


«Kazakh Tourism» басшысы қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Рашид Күзембаевтың өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініші қаралды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өтініші қабылданғаннан кейін ұлттық компания директорлар кеңесінің мүшелері Рашид Кузембаевқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алда жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Рашид Талапұлы Директорлар кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғысын айтты, сондай-ақ ұлттық компанияның Басқарма мүшелеріне, қызметкерлері мен көптеген әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Рашид Талапұлы Күзембаев 2017 жылдың қазан айында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған еді. Бір жарым жылдан аз уақыт ішінде оның жетекшілігімен ұлттық компанияның қалыптасуы, атап айтқанда, еліміздің ұлттық туристік өнімі мен қазақстандық туристік брендтің тұжырымдамалары және оларды насихаттаудың маркетингтік жоспары әзірленді. Kazakh Tourism салалық мемлекеттік бағдарлама мен заң жобасын әзірлеуге тікелей қатысты, Kazakhstan.travel туризм саласындағы жаңартылған ұлттық туристік портал іске қосылды, алғашқы ұлттық салалық премия, сондай-ақ еліміздің туристік мекендерін қамтыған ең ірі экспедиция және тағы басқа шараларды ұйымдастырды.