Қазақстан атом электр станциясы қай жерде орналасатынын шешті – Тоқаев

0
419

Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы Балқаш көлі маңында салынуы мүмкін екенін айтқан еді.


Қазақстан атом электр станциясы қай жерде орналасатынын шешті – Тоқаев

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр станциясы салынатын жерді таңдағанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан қазіргі таңда атом электр станциясының қай жерде орналасатынын шешті. Қазір әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерделеп жатырмыз", - деді Тоқаев астанада өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысында.

Ол Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бәсекелес басымдықтарға ие екенін атап өтті. Республика табиғи уранды өндіру бойынша әлемде бірінші орын алады.

Өзінің ядролық отын өндірісі және уранды байытуға арналған мүмкіндіктері бар.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы Балқаш көлі маңында салынуы мүмкін екенін айтқан еді.