Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Беларусьте өткен чемпионатта жеңіске жетті

0
3 169

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.


Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Беларусьте өткен чемпионатта жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Беларусь елінде өткен қоян-қолтық ұрыс чемпионатында жеңіске жетті, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан Қарулы Күштері Беларусьте өткен 11-ші ашық чемпионатта жеңіске жетті. Жарыс арнайы операциялар күштерінің армиялық қоян-қолтық ұрысынан болды. Қазақстандық жауынгерлер жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.
"Жарысқа жалпы құрамында 112 спортшысы бар 16 команда қатысты. Әскери қызметшілері арасындағы жекпе-жектер жеті салмақ дәрежесінде өтті, - дейді ведомстводағылар.
Чемпионатта қазақстандық спортшылар сержант Айдын Нұридинов, кіші сержант Олжас Ержан және капитан Вадим Федосеев өз салмағында жеңіске жетті. Лейтенант Арман Ерменбет екінші орын алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.