Қазақстан құрамасы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

0
545

Осыған дейінгі ойындарда Қазақстан жоғары нәтиже көрсеткен. Мысалы, 2014 жылы жалпыкомандалық есепте 2-орынға, 2016 жылы 3-орынға, 2018 жылы 2-орынға ие болған.


Қазақстан құрамасы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасы көкпар, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату және көкбөрі секілді спорт түрлерінен қатысады. Теңге ілу мен аударыспақ спортшылары көрсетілім жасайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара", – деді комитет басшысы.

Спикердің айтуынша, ойын бағдарламасына 23 спорт түрі енген.

Айта кету керек, көшпенділер ойындары 3 рет қатарынан Қырғызстанда өткен болатын.