Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Мирзоев дүниеден өтті

0
900

Министрліктен атап өткендей, Князь Мирзоев бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен қоғамға арнаған.


Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Мирзоев дүниеден өтті

ERNUR.KZ. Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Мирзоев дүниеден өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғалым, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан күрдтер қауымдастығының басшысы Князь Ибрагимұлы Мирзоевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Министрліктен атап өткендей, Князь Мирзоев бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен қоғамға арнаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз үлесін қосқан белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға болған.

«Марқұмның жарқын бейнесі, атқарған қызметі мен еңбектері жақындары мен әріптестерінің есінде мәңгілік қалады», - деді ведомстводан.