Қазақстан мен Германия елдері шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығына таласады

0
681

Қабылдаушы елді анықтау үшін дауыс беру 2023 жылдың мамыр айында өтеді.


Қазақстан мен Германия елдері шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығына таласады

ERNUR.KZ. Норвегияның шайбалы хоккей федерациясы 2027 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімін ресми түрде қайтарып алды. Шараны өткізу құқығы үшін күрес Қазақстан мен Германияның арасында жалғасады, деп жазады Stan.kz.

Бұл жөнінде Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты жазды.

"Қарсылық себебі Норвегия үкіметінің қаржы тапшылығы. Норвегиядағы спортқа жауапты Мәдениет және теңдік министрлігі Осло аймағындағы Баэрум мен Тронхеймді жарыс өтетін орын ретінде қарастыратын өтінімді қаржыландыру туралы өтінішті қабылдамады", - делінген Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының мәлімдемесінде.
Норвегия Федерациясының басшысы Таге Петтерсен үкіметтің бас тартуына көңілі қалғанын айтты.
Қазақстан мен Германия шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы үшін күресті жалғастырады. Қабылдаушы елді анықтау үшін дауыс беру 2023 жылдың мамыр айында өтеді.
Еске салайық, 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының президенті Люк Тардифке әлем чемпионатын 2027 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынған еді.