Қазақстан мен Литва жүк тасымалы бойынша келісімге келді

0
404


Қазақстан мен Литва жүк тасымалы бойынша келісімге келді

ERNUR.KZ Қазақстан мен Литваның мемлекеттік органдары 2024 жылғы 20 наурызға дейін тасымалдауды аяқтау үшін өткен жылғы үлгідегі рұқсат бланкілерін пайдалану туралы уағдаласты, деп жазады BAQ.KZ.



Вильнюс қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев, литвалық делегацияны экономика және инновациялар министрі А.Армонайте басқарды.

Іс-шара шеңберінде сондай-ақ Көлік министрлігі, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы және ҚазАТО өкілдерінің қатысуымен Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Литва аралас комиссиясының отырысы өтті. Онда 2024 жылға арналған рұқсаттар квотасы бойынша, сондай-ақ тасымалдауды аяқтау үшін 2023 жылғы үлгідегі рұқсат бланкілерін 20 наурызға дейін ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Халықаралық автомобиль тасымалдары басқармасының басшысы Алмаз Айсин отырыс барысында Еуропа мен Орталық Азия арасындағы жүк транзиті барысындағы Қазақстанның маңызды рөлін, сонымен бірге республика өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамыту және көлік дәліздерін жаңғырту үшін барынша күш салатынын атап өтті.

Сондай-ақ литвалық серіктестерге еуропалық компаниялардың назарын аударып отырған Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен перспективалар туралы ақпарат берілді.

“Біз Литва тарапына Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде екі еларасында контейнерлік тасымалдарды іске қосу бойынша ынтымақтастықты ұсынамыз. Бұған қоса, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық литвалық компанияны биыл қазан айында Астана қаласында өтетін New Silkway көлік форумына қатысуға шақырамыз, – деді А.Айсин.