Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында визасыз режим қабылданады

0
800

Қазақстан мен Сейшел аралдары өзара визасыз режим орнатпақ.


Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында визасыз режим қабылданады

ERNUR.KZ. Тиісті құжат "Ашық НҚА" мемлекеттік веб-порталында жарияланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, екі елдің үкіметтері арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы талқылауға 28 тамызға дейін қол жетімді болады. Бұл құжатты әзірлеудің бастамашысы —Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

"Жобаны қабылдау визалық талаптардан өзара босатуды белгілей отырып, Қазақстан Республикасы мен Сейшел Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді", - делінген келісімге түсіндірме жазбада.

Түсіндірмеде жобаны қабылдау республикалық бюджетте 2023 жылдың 3-ші және 4-ші тоқсандарында және 2024-2025 жылдар кезеңінде 345 мың теңге мөлшерінде кірістердің азаюына әкелетіні көрсетілген.