Қазақстан мен Тәжікстан бірнеше стратегиялық жоба дайындайды

0
387

Президенттің айтуынша, осы келісімдерге қарай одақтастық қарым-қатынастар жаңа стратегиялық жобаларды көздейтіндіктен, бізді алда көп жұмыс күтіп тұр.


Қазақстан мен Тәжікстан бірнеше стратегиялық жоба дайындайды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанмен қандай екіжақты стратегиялық жобалар болатынын айтты, деп жазады baq.kz.

Мен сіздің сапарыңызға аса мән беремін. Біз жаңа ғана сіздің сапарыңызды тарихи сапар деп таныдық. Бұл елдеріміздің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарады. Одақтастық қатынастар туралы декларацияға қол қойылды, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, осы келісімдерге қарай одақтастық қарым-қатынастар жаңа стратегиялық жобаларды көздейтіндіктен, бізді алда көп жұмыс күтіп тұр.

Біз жаңа ғана екі-үш стратегиялық жобаны дайындау керегін айтып, Үкіметтерге осы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуді тапсырдық. Келешекте біз екіжақты ынтымақтастықта жаңа биіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын, - деді Қазақстан Президенті.