Қазақстан наны ең арзан бес елдің қатарына енді

0
662

Бұл рейтингте Өзбекстан нан құны 0,37 доллармен бесінші орында.


Қазақстан наны ең арзан бес елдің қатарына енді

ERNUR.KZ. Қазақстан наны арзан елдердің қатарында әлемде төртінші орында, деп stan.kz.

Алғашқы үш орында Тунис, Алжир және Ливия елдері тұр. Оларда наның құны 0,14, 0,16, 0,34 доллар. Ал Қазақстанда нан 0,36 доллар (шамамен 165 теңге) тұрады. Бұл рейтингте Өзбекстан нан құны 0,37 доллармен бесінші орында.

Рейтингте бағалары әлдеқайда жоғары дамыған елдер көш бастап тұр. Нан Исландияда - 2,93, Швейцарияда - 3,21, АҚШ-та - 3,27 доллар тұрады.

Бір жылда елімізде нан 19,2 пайызға қымбаттаған. Баға жоғары сапалы ұннан жасалған бидай нанының ең жоғары көтерілгені – 27,8%-ға, 1 кг 348 теңгеге дейін. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 13,9%-ға, 196 теңгеге, қара бидай ұны қосылған нан 26,5%-ға қымбаттап, 435 теңгеге жеткен.