Қазақстан оқушылары Igeo халықаралық олимпиадасынан алтын мен қола жеңіп алды

0
790

Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғаған.


Қазақстан оқушылары Igeo халықаралық олимпиадасынан алтын мен қола жеңіп алды

ERNUR.KZ. Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада мәресіне жетті. Байқауда Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп жазады zakon.kz.

Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғаған. Олар үш тур – жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма бойынша жарысты.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты:

  • Алтын – Санжар Хамитов, Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Қола - Арсен Сыдықов, Шымкент қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы.

Айта кетері, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткен еді. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алған.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.