Қазақстан Президенті боранда халыққа көмектескен жандарға алғыс айтты

0
264

Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.


Қазақстан Президенті боранда халыққа көмектескен жандарға алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы қолайсыз ауа райы кезінде жанқиярлықпен қызмет еткендердің бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», - деп атап өтті Президент.

Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.