Қазақстан Президенті дәрігерлерді төл мерекесімен құтықтады

0
1 918

Дәрігерлердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді.


Қазақстан Президенті дәрігерлерді төл мерекесімен құтықтады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт-Тоқаев денсаулық сақтау саласының мамандарын мерекесімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау саласының мамандарын Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Дәрігерлердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді. Ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, мол табыс тілеймін!», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.