Қазақстан Ресей арқылы тасымалданатын құбырға мұнай айдауды тоқтатты

0
2 253

Мұның себебі - қатты аяз, соның салдарынан мұнайды айдау стансасына ток келмей қалған.


Қазақстан Ресей арқылы тасымалданатын құбырға мұнай айдауды тоқтатты

ERNUR.KZ. Транснефть компаниясының өкілі Игорь Демин Қазақстан Ресей арқылы айдайтын мұнай транзитін тоқтатып жатқандығын мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

Мұның себебі - қатты аяз, соның салдарынан мұнайды айдау стансасына ток келмей қалған.

Қазақстанның солтүстігінде қатты аяздың салдарынан екі облыс жарықсыз қалды, соның ішінде "Транснефть" жүйесіне мұнай жеткізетін мұнай айдау станциясы да электрден ажыратылған. Мәскеу уақытымен сағат 05: 00-ден бастап электр қуатын беру желісі қалпына келтірілгенге дейін Қазақстан мұнай айдауды тоқтатты, - деді Демин.