Қазақстан шекарасында қауіпті дертке байланысты бақылау күшейтілді

0
468

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстан шекарасында бақылау жұмыстары жүргізілуде.


Қазақстан шекарасында қауіпті дертке байланысты бақылау күшейтілді

ERNUR.KZ. Қазақстан шекарасында тырысқақ дертіне байланысты бақылау күшейтілді, деп жазады ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Роза Қожапова әлемнің бірқатар елдерінде тырысқақ ауруының асқынуы бәсеңдеп бара жатқанын айтты.

Қожапова соңғы 10 жылда Қазақстанда тырысқақ ауруының жергілікті жағдайы тіркелмегенін атап өтті.

“Бірақ әлемдік геосаяси, көші-қон ахуалдарының күрделене түсуінен сақтық шараларын сақтау үшін, ауыз су, ашық су қоймаларында судың сапасына мониторинг жүргізілуде. Ашық су қоймаларын суды қоздырғыштардың, соның ішінде тырысқақтың бар-жоғын білу үшін үнемі тексереміз. Бүгінгі күні зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда тырысқақ індетінің шығу қаупі жоқ», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстан шекарасында бақылау жұмыстары жүргізілуде.

"Біз келген азаматтардың барлығын тексеріп жатырмыз. Егер тырысқақ ауруының алғашқы белгілері байқалса, инкубация кезінде бес күннен аспайтын болса, ауырып қалса, оқшаулауға жатады. Медициналық көмекке жүгінген адамдардың анамнезі нақтыланады. Шетелден келген азаматтар арасында осы дерт анықталатын болса, дереу эпидемияға қарсы шаралар қабылданады. Бірақ бүгінде жағдай тыныш», - деді Қожапова.

Тырысқақ – су арқылы адамнан адамға тікелей жұғатын ауру.

12 ақпанда әлемнің 20-ға жуық елінде тырысқақ індетінің өршуі туралы хабарланды.