Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчынан кейін стадионды қоқыстан тазалаған жанкүйерлер жұртты сүйсіндірді (видео)

0
912

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Солтүстік Ирландияның Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясындағы кездесуі "Астана Арена" стадионында өтті.


Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчынан кейін стадионды қоқыстан тазалаған жанкүйерлер жұртты сүйсіндірді (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчынан кейін стадионды қоқыстан тазартқан елордалық жанкүйерлер жұртты сүйсіндірді, деп жазады stan.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Солтүстік Ирландияның Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясындағы кездесуі "Астана Арена" стадионында өтті.

10 қыркүйек күні Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрама командалары арасындағы матчта стадион толып, 30 мыңға жуық билет толығымен сатылып кетті.

“Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына "Астана жастары" КММ еріктілерімен қатар, жанашыр жанкүйерлер де атсалысты”, – деп мәлімдеді Астана әкімдігі.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтқан еді.

Тоқаев футболшыларды жеңісімен құттықтай отырып, елордалық еріктілерге алғыс білдірді.